Дидактикалық ойындар (тіл дамыту)
«Үй жануарларын ата»
Мақсаты: Балаларға үй жануарларын атап үйрету. Жануарлардың қандай пайдасы бар, немен қоректенетіндігін, немен қоректенетіндігін түсіндіру. Адамдар тамақ тауып беретіндігін айтып өту.
«Дала аңдары»
Мақсаты: Дала аңдарымен таныстыру. Олардың қоректі қалай тауып жейтіндігі. Адамдар аңдардың терісін пайдаланатындығын айту.
«Үрленген шарлар»
Мақсаты: Шарлардың түстерін дұрыс айыра білуге, олардың жіптерін дұрыс орналастыруға үйрету.
«Вагонда не кетіп бара жатыр?»
Мақсаты: Балаларға вагонда қандай құс, аң, үй жануарлары кетіп бара жатқандарын, дұрыс айыра білуге үйрету.
«Бұл ненің төлі?»
Мақсаты: Төлдерді дұрыс атауға. Бұл қай үй жануарының төлі екендігін анық айтуға дағдыландыру. Сұраққа толық жауап беруге үйрету.
«Киімдерді ата».
Мақсаты: Балаларға киімдерді атап үйрету.Қыз баланың және ер баланың киімдерін жекелеп дұрыс атауға дағдыландыру.
«Түсті шынжыр»
Мақсаты: Дөңгелектерден түрлі-түсті шынжырлар құрастырып, түстерді айыра білуге үйрету.
Ғасырлар пернесі:
• Қазақтың ұлттық аспаптары: домбыра, шертер, жетіген, сазсырнай, шыңдауыл, қоңырау, сақпан, шоқылдақ, дауылпаз, даңғыра, асатаяқ, дабыл, айшықты асатаяқ.
• Ыдыстар: Саба, тегене, сапаршара, торсық, тостаған, табақ, ожау, астау.
«Дауысынан айыра біл»
Мақсаты: Өлең айтқан адамды дауысынан айыра білуге үйрету.
«Мағынасын тап» ойыны
Мақсаты: Балалардың талдау және жинақтау қабілеттерін, қиялдарын дамыту.
Ойын ережесі: Тәрбиеші 2 затты атайды. Балалардың міндеттері-осы екі заттың белгілері басқа бір затта табылуы тиіс. Мысала: Қанжар, мұз-сүңгі: құс, ағаш ұстасы тоқылдақ: мәшине, шырша-кірпі.
«Не ненің ішінде? » ойыны
Мақсаты: Жүйелі ойлауын дамыту.
1 нұсқа-жүйе-ішкі жүйе.
Алдымен тәрбиеші, содан кейін бала қандай да бір сөзді, қалған ойыншылар олардың бірнеше ішкі белгілерін айтады.
Мысалы: ағаш-тамыр...
Үстел-аяғы...
Қалам-өзегі...
2 нұсқа-ішкі жүйе-жүйе, яғни кері ойын.
Балалар ішкі жүйе белгілері бойынша жүйені атау
Мысалы, жапырақ-ағаш
Дөңгелек-машина
«Болады-болмайды»ойыны
Балалардың қиялын, алғырлығы мен ойлау сонылығын дамыту.
Балалар бір-біріне кезекпен жұмбақ айтады. Егер жауап беруші баланың жауабы дұрыс болса, келесі жұмбақты ол айтады. Ал егер дұрыс болмаса кезегін өткізеді. Жұмбақтардың шын және жалған нұсқалары кезектесіп отырады. Мысала, «Қасқыр орманда кезіп жүр»-«Қасқыр ағаштың басында отыр»...
«Сандық» ойыны
Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойын шартын түсіндіріп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сандық, түрлі түсті асықтар, тапсырмалар жазылған хатқалта.
Ойын шарты: сандық ішіне салынған түрлі түсті асықтар. Асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Тапсырмалар хатқалтаға салынады.
Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады, шешкізеді.
Сары асық алған бала мақал мәтел айтады.
Қызыл асық алған бала өлең оқиды.
«Бір тізбекте байланысқан» ойыны
Бұл ойынды «Заттық-далалық қорлар» тақырыбын өткенде қолдануға болады. Балаларға 2-3 сөз беріледі. Бұл сөздерге тән ерекшеліктерді анықтағаннан кейін, балалар сол қасиеттерге сай болатындай жаңа сөз ойлайды. Мысалы, мұз, қанжар-сүңгі, автомобиль, күрек-экскаватор, бәтеңке, жіп-бау, шырша, машина-кірпі, кеме,мұз шапқыш-мұз жарғыш, етік, қол шатыр-плащ..
«Не артық?» ойыны
Мақсаты: Балаларды суретке қарап, оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу.Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады. Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.
«Сөйлемді жалғастыр»
Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға, сөйлемді жалғастыра білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйретіп, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілік: сөздер жазылған карточкалар
Ойын шарты: бір бала сөйлемнің басын бастайды, сөйлемді балалар аяқтауы керек.
Мысалы: Бақшада ойыншықтар... Менің үйде.... Мен бақшаға... . Ойынды тапқырлыққа байланысты өзгертіп отырып өткізуге болады. Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында бір сөйлемнің нше сөзден тұратынын талдайды.
«Сөзге сөз қос»
Мақсаты: сөзге сөз қосып, сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін, шапшаң ойлауын дамыту.
Көрнекілігі: шар, алма, ойыншықтар.
Ойын шарты: балаларды екі топқа бөліп өткізуге болады. Тәрбиеші сөз айтады, балалар сөзге сөз қосып, сөйлем құрайды.
Мысалы:
Алма...
Шар ...
Балабақша...
«Апта күндерін рет-ретімен қойып шық»
Мақсаты:Балаларды берілген тапсырманы мұқият орындауын, құрағанын атап беру, тапқырлыққа баулыту.
Көрнекілік: апта күндері жазылған сөздер
Ойын шарты: Апта аттарын рет-ретімен қойып шығу, оларды атап беру.
«Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырат»
Мақсаты:Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуін қадағалау.
Көрнекілік: лақ,қозы, бұзау, ешкі, аю, түлкі, жолбарыс.
Ойын шарты: Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыратып екіге бөліп қою.
«Үй құстары мен дала құстарын ажырата білу»
Мақсаты: Балалардың үй құстары мен дала құстарын ажырата білулерін қадағалау.Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:тауық,үйрек, қаз, тоқылдақ, торғай, үкі, көкек, ләйлек, бөдене.
Ойын шарты: Үй құстары мен дала құстарын ажыратып тақатағ іліп қою
«Суретке қарап тиісті құралдарды жина»
Мақсаты: Суретіне қарап тиісті құралдарды жинай білуге үйрету. Шапшаңдықтарын, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:мектеп, дәптер, бор, әліппе, мысық, пышақ, өшіргіш,сызғыш, қоңырау, нәресте,тарақ
Ойын шарты: Суретке қарап тиісті құралдарды жинаймыз. Мектептің суретінің жанына тиісті суреттерді қоямыз.
«Затты сипатта»
Мақсаты: балаларды заттарды сипаттай білуге үйрету.Нақты, дәл сипаттай алуын қадағалау.
Көрнекілік: дүрбі, домбыра, белдік,із, ілгіш,бесік, доп, орындық
Ойын шарты: балалар суретіне қарап, суретте көргендерін, қимылмен сипаттап беру. Балалар не екенін айтады.
«Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: берілген дыбысқа байланысты сөз ойлау білуге үйрету, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әріптер
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға қай дыбысты көрсетсе балалар сол дыбысқа сөз айтады. Осылай ойын жалғаса береді.
«Қажетті заттарды табу»
Мақсаты: Балалар отбасы мүшелеріне керекті заттарды тауып, қоя білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Ыдыстар, киімдер, доп, айна, дүрбі, шахмат, дәрі, ине, ата, әке, ана, бала,әже суреттері.
Ойын шарты: Отбасы мүшелерінің жанына қажетті заттарды тауып, дұрыс қою.