Мемлекеттік корсетілген қызметтер бойынша 2023 жылға арналған есеп.
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы № 9 ППТК» КММ. Заңды мекенжайы: Макинск қаласы, Балуан Шолақ көшесі, 30.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Бұланды ауданы Макинск қаласы № 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»;
2023 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, № 9 психологиялық-педагогикалық түзетү кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық үкімет ПОРТАЛЫ арқылы 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – 0 қызмет;
2022 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, № 9 психологиялық-педагогикалық түзетү кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық үкімет ПОРТАЛЫ арқылы 28 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – 0 қызмет;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат http://sc0042.bulandy.aqmoedu.kz «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, №9 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жәрия талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жәрия талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзіге асырылады. № 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
2023 жылы № 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті БАҚ және әлеуметтік желілерде 8 мақала, Instagram парақшасында 1 тікелей эфирде жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Буланды ауданы, Макинск қаласы, №9 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесінде жұмыс істейді, онда 1 Мемлекеттік қызмет қол жетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Ақмола облысы білім басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, № 9 психологиялық-педагогикалық түзетү кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттары бар 2 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.
2023 жылға бақылау шаралары жүргізілген жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсаты 2024 жылға «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ ҚР заңнамасының сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы, № 9 психологиялық-педагогикалық түзетү кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.