Тақырыбы: спорт- сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшандыққа қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Құралдар: доптар, секіретің доп, кегли, обруч,ватман қағазы, жалаушалар.
Барысы:
Жүргізуші: құрметті ата- аналар, балалар! Бүгін біздің КГУ «КППК №9» мекемесінде спорттық жарыс өтпекші . Балаларға сәт сапар тілейміз.
Сайысқа қатысатын балалардың кеуделеріне өз белгілерін тағып береміз.
Біріншіден сайыс шарттарымен таныстырып өтемін.
Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру.
Әр команданың ұранымен таныстыру
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға.
Қол соғып қарсы алайық, команданы.
«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
«Қыран» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз- біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Ойын түрлері:
Ойын шарты: себеттен себетке кедергілер арасымен ирелендеп жүріп барып себетке доптарды тасу.
Ойын шарты: бірінші бала допты шеңберге апарады, екінші бала допты алып келуі керек.
Ойын шарты: Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.
Ойын шарты: Бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
Ойын шарты: Үрмелі резеңке доппен секіру.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпаз анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың.
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!! Қош сау болыныз