«Бұланды ауданы, Макинск қаласы, № 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ Ақмола облысы білім басқармасының «№ 9 ППТК» КММ Жарғысына және мемлекеттік қайта тіркеу туралы 08.02.2016 ж. бастап № 140940029335 куәлігіне сәйкес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «№ 9 ППТК» КММ мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:
1. «Дамуында ақауы бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»;
2. «Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау».
2021 жылы «№ 9 ППТК» КММ-де 27 мемлекеттік қызмет (оның ішінде 26-сы «Дамуында ақауы бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметі бойынша; 1-і «Біліктілік санаттарын беру және растау үшін білім беру ұйымдары мен республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау». Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен мерзімінің бұзылуына шағымдар түскен жоқ. Бұл жұмыс тұрақты бақылауда орналасқан.
«№9 ППТК» КММ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, «№9 ППТК» КММ-де халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы («Бұланды ақпарат» газетінде 2 мақала жарияланған), қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде, кабинеттің ақпараттық стендінде орналастырылған. Анықтамалық, ақпараттық, құқықтық көмек көрсету мақсатында «Сенім телефоны» 8-71646-4-23-74 жұмыс істейді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін іс-шаралар өткізілді: дөңгелек үстел, семинарлар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналар жиналысы.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауға жауапты тұлға әдіскер Нурмагамбетова Г.К.
2022 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.
Меңгеруші Л.Ф.Сыздыкова