«Бұланды ауданы, Макинск қаласы, №9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 08.02.2016 жылғы № 140940029335 мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі және Ақмола облысы білім басқармасының «№9 ППТК» КММ жарғысына сәйкес өзінің қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік қызметтердің тізіміне сәйкес «№9 ППТК» КММ 3 (үш) мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді: Мемлекеттік қызмет «Дамуында проблемалары
бар балалармен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту»; Мемлекеттік қызмет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға кеңестік көмек көрсету»; Мемлекеттік қызмет «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог
қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар». 2016 жыл бойынша «№ 9ППТК» КММ 25 мемлекеттік қызметті көрсетті (оның ішінде 20 «Дамуында проблемалары бар балалармен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту» бойынша мемлекеттік қызмет және 5 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларға кеңестік көмек көрсету» бойынша мемлекеттік қызмет қағаз түрінде), мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бойынша бұзушылық және сапасы бойынша ескертулер түскен жоқ. Бұл жұмыс тұрақты бақылауда тұр. "№ 9ППТК" КММ көрсететін
мемлекеттік қызметтер стандарттарға сәйкес, ақысыз көрсетіледі. Сонымен қатар халықты БАҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі («Бұланды жаршысы» газетіне 1 мақала жарияланды), қызмет
берушілердің интернет – ресурстары, ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті және стандарттар орналастырылған. Ақпараттық-анықтамалық, құқықтық көмек көрсету мақсатында «Сенім телефоны» 8-71646-4-23-74 жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту үшін 2016 жылда « дөңгелек үстел» іс-шарасы өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жауапты тұлға болып әдіскер Н.М.Нургалиева тағайындалды. 2016 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және жақсарту бойынша бүгінгі таңда жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді сапалы және қолжетімді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.