Ақмола облысы білім басқармасының «Бұланды ауданы, Макинск қаласы,
№9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ
2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысы туралы есеп.
«Бұланды ауданы, Макинск қаласы, №9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ өз қызметін Ақмола облысы Білім басқармасының «№9 ППТК» КММ жарғысына және мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлікке сәйкес жүзеге асырады. 140940029335 08.02.2016 ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «№9ППТК » КММ-сі мемлекеттік қызметтердің 2 (екі) түрін ұсынады:
1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»;
2. «Білім беру және оқыту ұйымдарында, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мұғалімдер мен оларға теңестірілген адамдарға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауға құжаттар қабылдау».
2020 жылы «№9 ППТК» КММ «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» 92 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына және мерзімдерінің бұзылуына шағымдар түскен жоқ. Бұл жұмыс үнемі бақылауда болады.
Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес «№9 ППТК» КММ көрсететін мемлекеттік қызметтер ақысыз түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушының электронды түрде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы, ЭСҚ болған жағдайда алуға мүмкіндігі бар. ППТК-те мемлекеттік қызметтері туралы стенд және қажетті үлгілерімен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде (2 мақала «BULANDY AQPARAT» газетінде жарияланған), қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстарында, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері кабинеттің ақпараттық стендінде орналастырылған. Анықтама және ақпарат, заң көмегін көрсету үшін жұмыс телефоны 8-71646-4-23-74 болып табылады.
2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін іс-шаралар: әдістемелік кеңестер, әңгімелер, ата-аналар жиналыстары онлайн режимінде өткізілді.
2019 жылы №9 ППТК басшысы мен әдіскері мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2021 жылы жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмыс жалғасады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға жауапты тұлға әдіскер Г.К.Нурмағамбетова болып табылады.